Quantcast
Channel: Школа-гимназия №30 им. Д.Ф. Снегина
Viewing all articles
Browse latest Browse all 529

«Ару қала – Алматы! »

$
0
0
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Алматы қаласы күніне арналған «Ару қала – Алматы! » тақырыбында аудандық мектеп оқушыларының арасында 6-13 қыркүйек аралығында онлайн формат түрінде байқау өткізілді. Байқау эссе жазу, бейнелеу өнері, қолөнер номинациялары бойынша ұйымдастырылды.
Байқаудың мақсаты:
- қазақ халқының  рухани байлығына жол  бастаған Елбасымыздың сындарлы саясатымен әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіруге ұмтылып жатқан жас ұрпақты Отанын, елін, жерін сүюге, тарихын білуге, дінін, тілін құрметтеуге тәрбиелеу, бала бойындағы шығармашылық қабілетін арттыра отырып, өнерге деген қызығушылығын дамыту. 
 «Эссе жазу» номинациясы бойынша мектебіміздің 6 “Ә” сынып оқушысы Аскарова Томирис ІІ дәрежелі орынды иеленіп, мектеп қоржынын тағы бір жетістікке толтырды. Жетекшісі Мамырбаева Манар Жамбуловна.
 «Қазақтың қол өнері» номинациясы бойынша  6 “Г” сынып оқушысы Хамзахунова Диана ІІІ дәрежелі орынды жеңіп алды. Жетекшілері Сурова Татьяна Павловна және Иманбаева Гульнура Сембековна. Жүлдегерлерді жүлделі орындарымен құттықтаймыз!!!
@akimat_medeu 
@edu.almaty 
@medeu_roo 
#30гимназия
https://www.instagram.com/p/CUaNBNyI26S/?utm_medium=share_sheet


Viewing all articles
Browse latest Browse all 529