



"Д.Снегин атындағы №30 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2019 жылдың шілде айының соңғы онкүндігінде республикалық, қайырымдылық "Мектепке жол" акциясының аясында көктемде ғана жақындарынан айырылған отбасына (6,7-сынып оқитын балаларына) 8 А сынып оқушылары 20000 теңге , 7 В сынып ата-анасы Асланов Бахтияр Асланович 15000 теңге, 2 б сынып ата-анасы Дзизенко Юлия Олеговна 5000 теңге көлемінде көмек көрсетті.20000 теңге ақшалай, қалған ақшаға оқу құралдары мен мектеп сөмкелерін, аяқ киім алып берілді. Көмек көрсеткен жандарға мектеп әкімшілігінің атынан мың алғыс білдіреміз!!!